ЛАҚАП АТ ЖАМЫЛҒАН ПАРАҚШАЛАРДЫҢ (фейк) ӨТІНІШТЕРІ ҚАРАЛМАЙДЫ!
Әлеуметтік желінің атқарушы билік пен халық арасындағы байланыс көпірі екенін ескере отырып, бұған дейін қала әкімдігіне қарасты барлық дербес бөлімдер мен кент, ауылдық округ әкімдіктері әлеуметтік желілерде ресми парақшаларын ашты.
Әрі өздеріңіз білетіндей қала тұрғындарынан әлеуметтік желілер арқылы түскен өтініштерді қала әкімдігі назарға алып, жан-жақты қарап мәселені шешуге қашан да дайын.
Ол үшін әр саланың мамандары жұмылдырылады.
Дегенмен, кейде лақап ат жамылған парақшалардың (фейк) теріс сипаттағы жалған мәлімет ұсынуы жиілеуде.
Мәселен, өтініште толық мекен-жай көрсетілмейді немесе жалпылама сипатта ескі ақпарат ұсынылады. Сәйкесінше тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізу мүмкін болмауда.
Осы орайда, қала тұрғындарын өтініш қалдыру барысында міндетті түрде өз парақшаларын көрсете отырып, әрі байланыс орнату мүмкіндіктерімен жолдауларын сұраймыз.