КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА! 📢📢📢
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа жүйесі іске қосылған болатын. Жаңа талаптарға сәйкес, жеке практикамен айналысатын азаматтарды, шағын, орта және ірі бизнес субъектілерін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) жарналар мен аударымдар төлеуге міндеттелді.
Дегенмен, елімізде COVID-19 індетінің таралуына байланысты карантиндік шаралар аясында Мемлекет басшысы азаматтарды МӘМС жүйесіндегі төлемдерден босатып, тегін медициналық көмек алу құқығын 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін созған болатын.
Қазіргі таңда, елімізде төтенше жағдай режимінің аяқталуына қарамастан, зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің жағдайы толық қалыпқа келмеген. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен МӘМС жүйесіндегі төлемдерден босату мерзімі 2020 жылдың 1 қазанына дейін қосымша ұзартылды.
Бұл ретте, кәсіпкерлік субъектілері ай сайын «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның жанындағы «Saqtandyry» ақпараттық жүйесінде төлемнен босатылған азаматтардың тізімі туралы ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей енгізу қажет.
Ақпарат смартфонға Play Market немесе AppStore-дан жүктелген Qoldau 24/7 қосымшасы арқылы енгізіледі.