ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ
Қымбатты балалар!
Сіздерді әрбір жанұяның ортақ мерекесі – 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бейбіт елдің әр шаңырағында дүниеге келген балғындарымыздың мейрамы - біздің де мерекеміз.
Сіздер біздің үмітіміз, болашағымызсыздар. Біздің елімізде өздеріңіздің білім алуларыңызбен демалыстарыңыздың дұрыс ұйымдастырылуына, спортпен шұғылданып, қабілеттеріңізді шыңдауға барлық жағдай қарастырылған.
Бүгінде осы бағытта біздің қаламыздағы білім ошақтары, шағын орталықтар, балабақшалар жүйелі жұмыс жасап келеді. Оларда тәрбиеленіп жатқан бүлдіншіндеріміз қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқау-фестивальге қатысып, жақсы жетістіктерге жетіп жүргенін де жақсы білемін.
Алдағы уақытта да елдің тұтқасын ұстар ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін барлық жағдай жасала беретін болады.
Құрметті бүлдіршіндер!
Бұл өмірде Сіздердің жүздеріңізден нұр шашып, бар ықыласымен риза болғанын көруден асқан бақыт жоқ!
Өмірімізге мән беріп, көңілімізге қуаныш сыйлаған Сіздерге айтылар тілегім дендеріңіз сау болсын! Ата-аналарыңызды қуантып, үлкен азамат болып ер жетулеріңізге тілектеспін.
Әрдайым тәуелсіз еліміздің бейбіт аспанында бақытты өмір сүре беріңіздер.
Құрметпен,
Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев