Төтенше жағдай кезеңінде енгізілген шаралар мен шектеулер!
Құрметті қала тұрғындары және кәсіпкерлер!!!
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» №285 жарлығына сәйкес, төмендегі нұсқаулықты сақтауды сұраймыз.
Төтенше жағдай кезеңінде төмендегідей шаралар мен шектеулер енгізілсін:
- Ірі сауда нысандары мен сауда ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне шектеу қойылады, олар сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды (азық-түлік дүкендері мен супермаркеттерді қоспағанда);
- Азық-түлік дүкендері, супермаркеттер мен азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істейді;
- Киім-кешек базарлары сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс жасайды. Санитарлық және дезинфекциялық шаралар күшейтіледі; Қоғамдық тамақтану орындарында, сауда ойын-сауық орталықтарындағы фуд-корттар дезинфекциядан өтіп тұрады;
- Мектептен тыс қосымша білім беру объектілерінің (оқушылар сарайы, шығармашылық сарайлары, аула клубтары, үйірмелер, секциялар, компьютерлік клубтар) қызметі тоқтатылды; сондай-ақ барлық спорт нысандары жабылды;
- Ойын-сауық, спорттық (көрермендердің қатысуынсыз өткізілетіндерді қоспағанда) және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынады;
- Кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көңіл көтеру орындарының (түнгі клубтар, караоке, барлар, компьютерлік клубтар, фитнес орталықтар, жаттығу залдары, бассейндер және т.б.) және адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың қызметі тоқтатылды;
- Мейрамханалардың, дәмханалардың және өзге де қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 22.00 сағатқа дейін шектелді, бұл ретте бір жолғы адамдардың санын 50-ге дейін шектеу;
- Дәмхана мен мейрамханаларда және т.б. жерлерде кальяндарды пайдалануға тыйым салынады.
Қызылорда қаласының әкімдігі