Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ «САМҒАУ» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығы жастардың азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, жастар ұйымдарының өзара байланысын нығайту, қала жастарының білім, ғылым, өнер, мәдени деңгейінің артуына және жастар саясатындағы өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, талантты, білімді, саяси және қоғамдық өмірде белсенді жастарды көтермелеу және қолдау мақсатында тағайындалады. 

Ұйымдастырушылар: 

  • Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Ұшқыр жебе» қоғамдық қоры. 

Қойылатын талаптар:

14 пен 29 жас аралығындағы барлық Қызылорда қаласының жастары. 

Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығының тағайындалуының басты қағидасы өз саласында жоғары жетістіктерге жеткен, жоғары санаттағы мамандықтарды игерген жастарға табысталады. 

Сонымен қатар, өз саласының және қоғамның жалпы дамуына қосқан үлесі мен инновациялық идеялары қошталады.

«Самғау» сыйлығы төмендегі бағыттар бойынша қаланың дамуы мен өркендеуіне сүбелі үлес қосып белсене атсалысқан жастар үшін тағайындалады:

  • өз саласы бойынша (білім, ғылым, өнер, мәдениет және спорт) жоғары және жақсы көрсеткіштерге, жетістіктерге қол жеткізгені үшін;
  • әлеуметтік маңызды жобалар және қоғамдық өмірге белсене қатысуы;
  • мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жетілдіру бойынша қосқан жаңашыл бастамалары;
  • жеке басының жетістіктері;
  • қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысуы және жеңімпаз аталуы.

«Самғау» сыйлығы ұлты, нәсілі, жынысы, діні, білім деңгейі мен әлеуметтік жағдайына шектеу қойылмайды. 

Қызылорда қаласы жастарына арналған сыйлық он жасқа (сыйлық көлемі 100 000 (бір жүз мың теңге) тағайындалады және бір адамға екі мәрте сонымен қатар, осы уақытқа дейін осы сыйлықты алған жастарға қайта берілмейді. 

Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығы үш кезең бойынша ұйымдастырылады:

  • бірінші кезең: үміткерлердің құжаттарын қабылдау (2019 жылғы 9 желтоқсанға дейін);
  • екінші кезең: Үміткердердің комиссия мүшелері алдында өзін-өзі таныстыруы және жеңімпаздарын анықтау (2019 жылғы 11-12 желтоқсан);
  • үшінші кезең: «Самғау» сыйлығының иегерлерін марапаттау (2019 жылғы желтоқсан айы).

Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығына үміткерлер мына төмендегі құжаттарды 2019 жылдың 9 желтоқсан сағат 18:00-ге дейін қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не (Қызылорда қаласы, К. Байсейітова көшесі, №82 ғимарат) тапсыруы қажет: 

 - жұмыс орнынан /оқу орнынан/, саласы бойынша мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардан ұсыным хаттары (қол жеткізген жетістіктері мен марапаттарын көрсете отырып);

 - түйіндеме (қазақ және орыс тілдерінде жазылған, 3х4 фотосуретімен);

 -   өмірбаяны; 

 -  жұмыс орнынан /оқу орнынан/ анықтама;

 -  орта арнаулы немесе жоғары білімі туралы диплом (көшірмесі);

 - жетістіктері (алғыс хаттары, мақтау қағаздары, дипломдары және т.б.) /сканер арқылы жасалған көшірмелері/; 

 - «Мен осы сыйлыққа неге лайықтымын?» тақырыбында қатысушы үміткерлердің өздерінің жетістіктері бойынша комиссия мүшелері алдында өзін-өзі таныстыру (таныстыру барысында пайдаланылатын слайдтарды көрсету әдісі қатысушылардың өз еркінде)

 - мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша өткізген, қатысқан шаралары жайлы мәлімет, жарияланған мақалалар, жүзеге асырған жобалары және басқа да ұсыныс, кепілдеме хаттары;

 -  10х15 фотосуреті (1 дана, электронды нұсқасымен); 

 - жеке куәлігі (көшірмесі), қатысушы үміткер тұрғылықты мекен жайын анықтау үшін электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦП) ақпарат тасмалдағышпен (флешка) ұсынуы қажет.

 - банкте есеп-шоты бар екендігін растайтың анықтама қоса ұсынылуы қажет (жеңімпаз болып таңылған жағдайда сыйақы көрсетілген есеп-шотқа 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін аударылады);

Құжаттар бекітіліп, беттеліп ұсынылуы қажет (портфолио түрінде).

Ескерту: Тапсырылған құжаттар рәсімдеу талаптарына сәйкес келмеген немесе толық ұсынылмаған жағдайда қарастырылмайды және аталмыш байқауға деңгейлес өзге байқауларда жеңімпаз атанған жастар қатыса алмайды.  Ұсынылған құжаттар кері қайтарылмайды. 


Қосымша ақпараттарды қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нен алуға болады.

Байланыс телефоны: 26-35-62.

15 қараша 2019 ж. 2 869 0

Күнтізбе

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?