«Жомарт жүрек» байқауының қалалық кезеңі бастау алды!
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Қызылорда қаласы бойынша Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірлер мен жергілікті қауымдастықтардың дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарды көтермелеу мақсатында «Жомарт жүрек» байқауының қалалық кезеңі өтетіндігін хабарлаймыз.
Қызылорда қаласының әкімдігі төмендегі номинациялар бойынша ұсынымдар қабылдайды.
1. «Жыл меценаты» - Туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін;
2.«Туған өлке» - Елді мекендерді абаттандыруға, демалыс бақтарды, аллеяларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын реконструкциялауға және салуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін;
3. «Жыл тұлғасы» - Белсенді азаматтық ұстанымы, әр түрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін (тек жеке тұлғалар үшін);
4. «Жылдың үздік ұйымы» - Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды және/немесе акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізгені және/немесе қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушілік жасағаны үшін (тек заңды тұлғалар үшін);
5. «Ерен еріктілік» - Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
Байқауға қатысушы қала аумағында қоғамдық пайдалы, әлеуметтік, қайырымдылық қызметті жүзеге асырып жүрген және төмендегі өлшемшарттарға сәйкес келетін заңды және жеке тұлғалар бола алады:
1) өңір аумағында қайырымдылық, қоғамдық пайдалы және әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру;
2) қызметтің әлеуметтік бағыты;
3) сыйлық номинацияларына сәйкес келуі;
4) қажетті құжаттардың болуы.
Байқауға қатысушылар құжаттары 2019 жылғы 5 тамызға дейін Қызылорда қаласы әкімдігінің ғимараты 3 қабат, 313 кабинет қалалық ішкі саясат бөлімінде қабылданады.
Байланыс телефоны: 26-35-62.