Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«Әскери – техникалық мектебі» Тараз филиалы «ВС1С» санаттағы әскери жүргізушілерді даярлау бойынша оқуға шақырады!

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны «Әскери – техникалық мектебі» Тараз филиалы базасында өтеусіз негізде мерзімді әскери қызмет өткермеген азаматтарды оқуға шақырамыз.

11 сынып бітірген азаматтарды «ВС1С» санаттағы әскери жүргізушілерді даярлау  бойынша оқуға шақырамыз!


Әрбір азамат оқу кезеңінде далалық киім-кешекпен, үш рет тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. Бітіргеннен кейін мерзімді әскери қызметке міндетті түрде жөнелтіледі.

Сонымен қатар, әскери борышын өтеп болғаннан кейін мамандығымен келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасуға мүмкіншілігі, әсіресе Қызылорда қаласы маңындағы әскери бөлімдерге орналасуға болатынын жеткіземіз.

Денсаулық жағдайы бойынша жарамды, бойы 170 см төмен емес, жасы он сегіз жасқа толған және жиырма екі жасқа дейінгі әскерге шақырылушылар, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған;

Оқу мерзімі: үш ай

Ниет білдірген азаматтар төмендегі мекенжай бойынша, Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына З.Шүкіров көшесі 101 А үй, №127 кабинет, 24-50-22 телефоны арқылы хабарласуыңызға болады.

21 желтоқсан 2023 ж. 503 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?