Запастағы сержанттар мен сарбаздарды келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырамыз!
Келісімшарт бойынша әскери қызметші - Отанды кәсіби қорғаушы.
Әскери қызметтің мүмкіндіктері мен артықшылықтары:
1. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ақшалай жалақымен қамтамасыз етілген (лауазымына, әскери шеніне және еңбек сіңірген жылдарына байланысты).
2. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелерін әскери медициналық мекемелерде медициналық қамтамасыз ету мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
3. Мемлекет есебінен белгіленген нормаға сәйкес, заттай мүлікпен
(киім үлгісі) қамтамасыз етіледі.
4. Тұрғын үйді жалға алу қаражаты кепілді түрде төленеді.
5. Кезекшілікті атқарған кезде, далалық шығуларда, ұшуларды айындау және орындау кезінде, әскери эшелондарға ілесіп жүру кезінде, стационарлық емделуде болған кезде, т.б. белгіленген нормалар бойынша тамақтанумен қамтамасыз етіледі.
6. Жыл сайынғы негізгі демалыстары, демалыстың ұзақтығы
еңбек сіңірген жылдарына байланысты белгіленеді.
7. Еңбек өтілі бойынша зейнетке шығу.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданатын азаматтарға қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасы азаматтығына ие болуға;
- Жас мөлшері он сегізден отыз екі жас және алты айға дейінгі болуға;
- әскери лауазымына сәйкес әскери есептік - мамандығы болуға; мерзімді әскери қызметті өткерген не жоғары оқу орындарының әскери кафедрасынан оқудан өткен, Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау бойынша мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өтеулі негізде өткен болуға тиіс.