Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛТА ҰРЫЛАРЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Қалта ұрлығы бұл қылмыскерлердің оңай табысқа кенелудің бірден-бір тәсілі. Қылмыскерлер көбіне осы заңсыз іс-әрекеттерін қоғамдық көліктерде, қоғамдық орындарда, адам көп шоғырланған жерлерде, әртүрлі сауда орындарында жалғыз немесе топ болып жүзеге асырады. Құрбандарды таңдаған кезде олар бағалы заттарының қол жетімділігіне назар аударады. 
Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін, келесі кеңестерді  ұсынамыз:
🟢Әр азамат қоғамдық көліктерде, сауда үйлері мен өзге де қоғамдық орындарда өз заттарына мұқият болып, оларды қараусыз қалдырмауы керек.
🟢 Әсіресе пакет, сөмкелердің ауызын ашық қалдырмауды, құнды заттарды артқы, жан қалталарға салмауды ұсынамыз.
🟢 Оларды барынша киімнің немесе сөмкенің ішкі қалталарына  салған жөн. 
🟢 Сонымен бірге банк карточкасы мен құпия сөз жазылған қағазды бірге ұстамаған дұрыс.
🟢 Әсіресе, қоғамдық көлік ішінде заттарыңыздың түгел екендігін жиі тексеріп тұрған дұрыс. 
Өз мүлкіңіздің және қаражатыңыздың қауіпсіздігі өз қолыңызда!
Егерде Сіз, жоғарыдағы көрсетілген жайттардың жәбірленушісі немесе куәсі болсаңыз,  «102» желісіне қоңырау шалыңыз!
19 желтоқсан 2022 ж. 74 0

Күнтізбе

«    Ақпан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?