Қазақстан Республикасы Бас Прокурорыныңорынбасары Ж.Ж. Өмірәлиевтің 2022 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Орталықсайлау комиссиясының отырысында сөйлегенсөзінің мәтіні
20 қараша біздің еліміз үшін маңызды саяси күн.
Қазақстан азаматтары ел Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беретін болады.
Заңдармен жүктелген өкілеттіктер шеңберінде прокуратура органдары сайлау жүргізудің заңдылығын қамтамасыз етуде.
Дей тұра, баяндаманың басында сайлау заңнамасының нормаларын сақтаудағы ерекше рөл сайлау комиссияларының мүшелеріне жүктелгенін атап өткім келеді.
Заңда олардың келесідей жауапкершіліктері көзделген:
- азаматтардың сайлаушылар тізімімен танысу құқығын бұзуы (немесе дауыстарды санау басталғаннан кейін оларға өзгерістер енгізуі);
- азаматтарға басқа адамдардың атынан дауыс беру мүмкіндігін беру мақсатында дауыс беру үшін бюллетеньдерді ұсынуы;
- дауыс беру қорытындылары туралы мәліметтерді ұсынбауы.
Бұл іс-әрекеттер әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (106-бап - ескерту немесе 30 АЕК айыппұл, 121-бап - 25 АЕК айыппұл, 110-бап - 25 АЕК айыппұл, 119-бап - 25 АЕК айыппұл).
Қылмыстық жауаптылық Қылмыстық кодекстің 150 (сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі жасау - 100 АЕК айыппұлдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін) және 151-бабтарымен (сайлау құжаттарын бұрмалағанда немесе дауыстарды дұрыс есептемегенде - 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін) қарастырылған іс-әрекеттер жасағанда туындайды.
Сайлаудың жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ерекше әрі маңызды орын сондай-ақ байқаушылар мен кандидаттардың сенімді адамдарына берілген.
Олардың қызметі, құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңымен (бұдан әрі – Конституциялық заң) реттелген.
Байқаушы немесе сенімді адам болып кімдер бола алады? Олардың негізгі миссиясы, құқықтары мен міндеттері қандай?
Алдымен осыған тоқталайық.
Байқаушы - арнайы уәкілетті жеке тұлға (ҚР азаматыне шетел азаматы), оның миссиясы - сайлауда заңныңсақталуын байқау және заң бұзушылықтарды тіркеу.
Олар екі санатқа бөлінеді.
Бірінші. Қазақстан Республикасының саясипартияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының атынан қызметжасайтын байқаушылар.
Байқаушылардың өкілеттіктері тегі, аты, әкесінің атыкөрсетіле отырып, жазбаша нысандакуәландырылуға тиіс (Конституциялық заңның 20-1-бабы).
Бұл құжат осы байқаушыны жіберген, тіркеуден өткенжәне жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаның мөріменкуәландырылады. Және ол байқаушының жекебасын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде ғанажарамды болады.
Байқаушы осы құжаттарды сайлау комиссиясыныңтөрағасына немесе оны алмастыратынадамға ұсынуға міндетті. Ол туралы деректер есепкеалу журналына тіркеледі.
Екінші. Бұл шетелдік байқаушылар.
Олар - шетелдік халықаралық ұйымдардың немесемемлекеттердің атынан қызмет атқарады.
Шетелдік байқаушыларды Сыртқы істер министрі, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады(Конституциялық заңның 20-2-бабы).
Сыртқы істер министрлігінің ұсыныстары бойыншаОрталық сайлау комиссиясында 641 шетелдік байқаушыаккредиттелген.
Оларға байқаушының куәлігі берілді.
Келесі санат, Ел Президенттігіне кандидаттың сенімбілдірген адамдары (Конституциялық заңның 31-бабы). Олар барлық кандидаттарда бар.
Олардың қызметі - кандидаттарға сайлау науқанынжүргізуге көмек көрсету, сайлау алдындағы үгітті жүргізу.
Сенім білдірген адам тек Қазақстан азаматы бола алады.
Оны сайлау комиссиясы өзінің өтініші бойынша тіркейді. Осыдан кейін оған куәлік беріледі.
Байқаушылар мен сенім білдірген адамдар бірдейқұқықтарға ие. Атап айтқанда:
- дауыс беру және сайлаушылардың дауыстарын санаусәтінен бастап байқаушы мен сенім білдірген адамдарөздері тіркелген әрбір сайлау учаскесінде (бір-бірден) бола алады;
- сайлау комиссияларының отырыстарына қатысуға, олардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе оның мүшелеріне жоғары тұрған комиссияға не болмаса сотқа шағымдануға құқылы;
- дауыс беру барысына және оның қорытындысыншығаруға кедергі келтірмей, фото -, аудио-жәнебейнежазбалар жасай алады.
Бұл ретте, олар өздерінің ескертулерін құжатталған, жарамды және тексерілетін фактілерге негіздеуі тиіс.
Байқаушылар мен сенім білдірген адамдардың басқа да құқықтарының толық тізбесі Конституциялық заңдабекітілген (20-баптың 8-тармағы, 20-1-баптың 2-тармағы).
Шетелдік байқаушылардың құқықтарыКонституциялық заңның 20-2-бабында егжей-тегжейлікөрсетілген.
Бұл - дауыс беру және дауыстарды санау кезінде сайлауучаскелеріне тосқауылсыз кіру, сайлаукомиссияларының мүшелерін орын алған заңбұзушылықтар туралы хабардар ету, мәлімдеме жасаужәне басқалар.
Бұл нормалар байқаушылар мен сенімді тұлғаларға өзөкілеттіктерін тиімді орындау үшін жеткіліктікепілдіктер береді.
Олардың заңды қызметіне кедергі жасағаны үшінӘкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 126-бабы (30 АЕК айыппұл) бойынша жауаптылық көзделгеніне назар аударғымкеледі.
Көрсетілген құқықтармен қатар Конституциялық заң (20-1, 20-2-баптар) байқаушыларға, сондай-ақ сенімбілдірген адамдарға бірқатар міндеттерді жүктейді, олардың сақталмауы тиісті құқықтық салдарға әкепсоғады.
Байқаушыларда жеке басын және өкілеттіктерінкуәландыратын құжаттар, ал шетелдік байқаушыларда - олардың жеке басын және аккредитациясынкуәландыратын құжаттар болуы қажет.
Сайлау процесіне, дауыстарды санауға, сайлаукомиссиясының шешімдер қабылдау рәсіміне тікелейараласпауға тиіс. Жалпы, олар сайлау комиссиясыныңжұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттерге жолбермеулері керек.
Сайлау учаскесіндегі белгілеген мінез-құлыққағидаларын сақтау жөніндегі сайлау комиссиясытөрағасының талаптарын орындауға міндетті.
Бұдан бұрын атап өткендей, байқаушылар мен сенімбілдірген адамдар дауыс беру барысына және оныңқорытындысын шығаруға кедергі келтірместен, фото-, аудио-және бейнежазбалар жасауға құқылы.
Бұл ретте, осы құқықты іске асыру барысында адамныңКонституциямен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтары, дауыс беру құпиясы сақталуы қажет.
Ешкімнің қандай да бір адамның бейнесін оныңкелісімінсіз пайдалануға құқығы жоқ (Азаматтықкодекстің 145-бабы).
Бұл ретте, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 14-бабының (1-1-т.) талаптарын ескеру қажет, оған сәйкес егер таратылатын ақпаратта адамныңқызметтік және (немесе) жария қызметіне байланыстыадамның бейнесі мен оған қатысты мәліметтер болса, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау кезіндемұндай келісім талап етілмейді.
Азаматтың құпия деректерін қорғау (ЖСН нөмірі, ТАӘ және т.б.) «Дербес деректер және оларды қорғаутуралы» заңмен кепілдендірілген.
Осылайша, фото-, аудио- және бейнежазба, сондай-ақбайқау: – дауыс беру құпиясын, сайлаушылар тізімінжәне олардың дербес деректерін қорғауды ескереотырып қана жүргізілуі тиіс. Азаматтардың бейнесінкөпшілік алдында тарату олардың келісімін қажететеді.
Осы талаптарды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылықтуралы кодекстің 79-бабы (дербес деректер жәнеоларды қорғау туралы заңнаманы бұзу) бойынша әкімшілік жазаға немесе егер елеулі зиянкелтірілсе, Қылмыстық кодекстің 147-бабы (жекеөмірге және дербес деректерге қол сұғылмаушылықтыбұзу) бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Байқаушылар қолданыстағы заңнаманы бұзғанжағдайда, сайлау комиссиясыбайқаушыны тіркеуден және оны тиістіучаскеден шығаруға құқылы.
Егер шетелдік байқаушы заңның бұзылуына жол берсе, онда Орталық сайлау комиссиясы тиісті сайлаукомиссиясының ұсынысы бойынша оныңаккредитациясын кері қайтарып алуға құқылы.
Баяндамамды қорытындылай келе, байқаушылар мен сенім білдірген адамдар өз құқықтарын заңды бұзбайжүзеге асыратынына сенім білдіргім келеді.
Сайлау науқанының барлық қатысушыларымен бірге бізеліміз үшін жауапты әрі маңызды іс-шараны өткізудіңзаңдылығын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігеріміздісаламыз.