Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Ел ертеңі үшін әрбір азаматтың көзқарасы маңызды

Ел ертеңі үшін әрбір азаматтың көзқарасының  қаншалықты маңызды екені белгілі. Еліміздің болашағы үшін жас ұрпақтарымыздың жақсы өмір сүруі үшін халқымыздың бірлігі мен амандығы үшін сенім білдіріп, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына халқымды бір кісідей жұмылып қатысуға шақырамын. Қазақстанның жарқын болашағына сеніммен қарап, халқымыз аман, еліміз тыныш болсын деп таңдауымызды жасап,  дауыс берейік. 
Бірлікпен өмір сүрейік,
Жақсыға тілек тілейік.
Халқымыз аман болсын деп
Сайлауда адал жүрейік.
Ізгілік күші сенімде
Таңдауың түпкі өзіңде,
Болашақ жолын ашайық
Желбіреп туым көгімде.
Тәлім-тәрбие берейік
Ұрпаққа білім егейік,
Отанын адал сүюге
Шынайы бағыт берейік.
Сеніммен алға қарайық
Бақыттың кілтін ашайық,
Президент сайлап еліме
Дамуға қарқын жасайық.

Ақжарма а/о, Баймұрат батыр ауылы, 
ардагер-ұстаз,қоғамдастық кеңес мүшесі: Ахметова Гүлдариха Әбубәкірқызы
11 қараша 2022 ж. 560 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?