Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

2022 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БӨЛІНГЕН ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ

Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын өңірге қажетті мамандықтар бойынша (еңбек ресурстар балансына сәйкес) әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан шыққан мектеп бітірушілерге облыс әкімінің 40 гранты бөлінді. Қызылорда қаласы және қалаға қарасты кенттер мен ауылдық округтердегі орта мектеп бітірушілеріне педагогикалық, техникалық, ауыл шаруашылығы,  қызмет көрсету, энергетика салалары бойынша бакалавр академиялық дәрежесінде мамандарды дайындауға 22 грант,  жалпы медицинаға 18 грант бөлінді.

Қазіргі таңда қала бойынша үміткерлерден құжаттар қабылдау жұмыстары  қаладағы Қазантаев көшесі № 43 ғимаратта  орналасқан Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы 5-18 тамыз аралығында жүргізілетіндігін хабарлаймыз.

Бөлімге келіп толық ақпарат алуға болады.  Байланыс телефондары: 27-68-55.
05 тамыз 2022 ж. 499 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?