Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де қазақ халқымен бірге мәңгі өмір сүре бермек.

Ұлы Абайға – 175 жыл
Тілеубергенова Гүлназ, 
№101 Әли Мүсілімұлы атындағы 
мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
      2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының  175 жылдығы республика көлемінде аталып өтіледі. 2019 жылы 30 мамыр күні  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын өткізу шарасының  жоғары деңгейде өтуіне байланысты жарлыққа қол қоя отырып, мемлекеттік комиссия құрып, жоспарын да бекітті. 
Абай Құнанбайұлы - қазақтың  данышпан ақыны, ойшыл, дана ғұламасы, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы. Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де қазақ халқымен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек. Бір қарағанда, таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз-ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап, сүңгуіміз қажет.
     Ұлы Абайдың шығармалары – өміршең, себебі ақынның өлеңі де, қарасөзі де халық жүрегінен мәңгілік орын алған.  Ақынның қай шығармасын оқысаң да, қазақ халқымен бірге, тілеулес екенін көресің. Абайдың шығармасы -халқымыздың сара жолының бағдаршамы іспетті. Қарасөздерін, өлеңдерін  оқи отырып, елді білім, өнер үйренуге, жас ұрпақтың түзу жолмен, еңбекпен қарекеттенуге үндейтінін байқайсың. 
        Елімізде Ұлы Абайға арналған шараның бірі – Абай  өлеңдерін оқу эстафетасы жалғасып жатыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та сырт қалмаған эстафетаға елімізден бөлек 12 елде, атап айтсақ, Ресей, Беларусь, Ұлыбритания, Италия, Египет, Түркия, АҚШ, Украина, Австралия, Қырғызстан, Франция және Қытай елінің интернет қолданушылары да атсалысқан. Айтулы шараға қаламыздағы Әли Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицей директоры Өткелбаева Айгүл Алтынбекқызының ұйымдастыруымен  ұстаздар мен  оқушылар да ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу эстафетасына  өз үлестерін қосты. Сонымен қатар мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі «Тіл – татулық тірегі» шарасында ұлы ақынның өмірінен сахналық қойылым қойып, шығармаларын насихаттады. Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ұлттың рухани ұлағаты – Абай әлемінде» атты фестивальде ұстаздарымыз, тіл жанашырлары, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайдың әйелдер образын  сомдап, көрермендер көзайымына айналды. 
     Біз   Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіспіз. Ұлы ақын өз халқын өркендеген, өскен, еркін халық ретінде көруге армандады. Сол ақын Абай аңсаған арманға бүгінгі күні қол жеткізіп отырмыз.  Олай   болса, жүрегі қазақ деп соққан қазақ халқы Абай шығармаларын бойтұмарындай сақтауы тиіс. 
---

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?