«Қызылорда қаласның тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ-і арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Бүгінгі таңда қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімімен жеке тұлғаларға төрт мемлекеттік қызмет түрі көрсетіліп келеді.
1. «Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет -Көрсетілмеген (ХҚКО арқылы қағаз түрінде)
2. «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді
жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет - 683 қызмет көрсетілді.
(www.gosreestr.kz сайтына тіркеліп, жекешелендіру процесі толықтай автоматтандырылған) 651-жекешелендіру шарты рәсімделді, 32 өтініш қанағаттандырудан бас тартылды
3. Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу-3-қызмет ГБД ЕЛ, толықтай автоматтандырылған.
4. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару-8 қызмет көрсетілді (ГБД ЕЛ, толықтай автоматтандырылған).
Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің бір түрі, ол «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет. Аталған қызмет түрі «E-QAZYNA» порталынында ЭЦҚ қол қою арқылы электронды форматта жүзеге асырылады.
2024 жылдың 24 қарашасында ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13 бабына өзгерістер енгізіліп, осыған дейін мемлекеттiк тұрғын үй қорынан жекешелендіру құқығынсыз берілген тұрғынжайларды жекешелендiруге құқық берілді.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайлар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидалары» аясында жекешелендіріледі.
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына 2024 жылдың 24 қарашасында енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2025 жылдың 24 мамырынан бастап, тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойыншаҰлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі -Отбасы банк- Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюды жүргізуде.
2026ж. 1 шілдесіне арендалық үйлерден 172004.0 мың теңге арендалық төлемдер түскен.
2026 жыл басынан бері «Отбасы банк» АҚ арқылы 691 азаматқа арендалық пәтерлер бөлініп, тұрғын үй инспекциясы бөлімімен осы азаматтармен тұрғынжайды жалдау шарттары рәсімделді.
«Отбасы банк» АҚ арқылы жыл басынан бері 374 ипотекалық пәтерлерге сатып алу-сату шарты рәсімделіп, Банк арқылы несие берілді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында азаматтық белсенділікті танытып, тұрғын үй саласында мүмкін болатын мемлекеттік қызметтерді портал арқылы электронды түрде алуға шақырамыз.






