Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ЖЫЛУ БЕРУ 7 СӘУІРДЕ АЯҚТАЛАДЫ

Қызылорда қаласында жылу беру маусымы 7 сәуір күні аяқталады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай баяндады.
- Қызылордада күнтізбелік бес күн ішінде гирдрометеорологиялық қызмет тіркеген сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10⁰ С және одан жоғары болған жағдайда қала әкімінің шешімімен жылу беру маусымы аяқталады. Биыл ол 7 сәуірге жоспарланып отыр, - деді Ғалымжан Бақтығалиұлы. 
Қаланың жылу жүйелеріне жоғарғы қысымды сынақтар 7 сәуір-7 мамыр аралығында жүргізіледі.
- «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-дағы жылу көздерінің негізгі қондырғылары  штаттық режимде жұмыс істеуде. Яғни КОГТЭС-тегі №1,2,3 газотурбиналық қондырғы мен су қазандығы, ЖЭО-ның №6 бу қазандығы, турбогенератор №3,  Оңтүстік қазандығы бойынша №3,6,7 бу қазандықтары, мөлтек аудандарда орналасқан 20 дана Автономды блок модульді қазандықтың 17-сі  жұмыстарын атқаруда. Кәсіпорын тарапынан барлық қала тұрғындарына жылу энергиясы сапалы әрі тұрақты беріліп келеді, - деді «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесінің бөлім басшысы Хасанғали Иманғалиев.
Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша жылу желілерінің ұзындығы – 199, 05 шақырымды құрайды. Орталықтандырылған жылу жүйесіне 1 646 нысан қосылған. Биыл 6 жоба бойынша 8,7 шақырымды құрайтын магистралды және квартаралық жылу желілеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады.

---

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?