Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімді жүйесін құру мемлекеттік аппараттың алдындағы басты мақсаттарының бірі.

Мемлекеттік қызмет көрсету көрсетілетін қызметтерге теңдей қол жеткізу; төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу; есеп берушілік және ашықтық, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру; үнемділік пен тиімділік қағидаттарына негізделген.

«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі мемлекеттік қызмет саласындағы бизнес-процестерді цифрландыру арқылы жер қатынастары саласындағы ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында іске қосылған.

Аталған ақпараттық жүйе шеңберінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін бірыңғай электронды кезектілік, жария кадастрлық карта, жер учаскелерін қысқа мерзімде онлайн табыстау қызметтері іске қосылды. Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру egov.kz порталының «Жылжымайтын мүлік» бөліміндегі «Жер қатынастары» тармағында қолжетімді.

        Жер кезектілігінде тұрғандардың тізімі жергілікті атқарушы органның автоматтандырылған жұмыс орнында оның деректерін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне интеграциялау жолымен азаматтардың өтініштерінің арнайы есепке қойылуына қарай қалыптастырылған.

        «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі №221-VII Заңымен ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.     Соған сәйкес, жер кезектілігіне тіркелген азаматтарға жер учаскесі ҚР Жер кодексінің 44-2-бабының талаптарына сәйкес, жер учаскесін таңдау еркіндігі беріле отырып, электронды портал арқылы табысталады. 

Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімімен барлығы 17 (он жеті) мемлекеттік қызмет, оның ішінде жер қатынастары саласы бойынша 11 (он бір) мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қала әкімдігінің ресми сайтында, Бөлімнің арнайы стендтерінде орналастырылған.

2024 жылы Бөлім тарапынан 4579 жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетілсе, оның ішінде «Электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы – 3825 тұлғаға, қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы 754 қызмет көрсетілді, яғни электрондық қызметтердің үлесі 83,5 пайызды құрайды. 

Электронды түрде мемлекеттік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы және "электрондық үкіметтің" шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В.Склярмен бекітілген 2025-2029 жылдарға арналған «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін дамыту бойынша жол картасына сәйкес, жер учаскесіне үлесті рәсімдеу, жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту, жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау, учаскелер туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету), сондай-ақ жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтерді автоматтандыру жоспарланған.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттыру өте маңызды міндет. Сондықтан, тұтынушыға бағдарланған қызмет көрсету, ашықтықты қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді халыққа сапалы және уақытылы көрсету - басты міндетіміз болып табылады.

Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен

жер қатынастары бөлімінің бас маманы

Будикова Куляйхан Молдашевна

---

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?