"ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АТОМДЫҚ ЭНЕРГЕТИКА: ОНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ" ТАҚЫРЫБЫНДА ПІКІР-АЛМАСУ АЛАҢЫ ӨТТІ.
2024 жылдың 11 қыркүйек күні қалалық мәслихатта "Қазақстандағы атомдық энергетика: оның мүмкіндіктері" тақырыбында пікір-алмасу алаңы өтті.

Пікір алмасу алаңында ҚР Құрметті энергетигі, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі М.Кәрімбаев еліміздегі еліміздегі энергетика саласының қазіргі жағдайы, болашақта электр энергиясы тапшылығы мәселесі бойынша өз пікірін білдірді.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің зерттеуші-профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Н.Аппазов сөз сөйлеп, атомдық энергетика саласы бойынша пікірін білдірді.

Пікір алмасуға қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.