Мәдениет саласының қызметкерлерімен жиын өтті
«Ақжарма мәдениет Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұйымдастыруымен 2024 жыл 11 қыркүйегі күні Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаевтың « Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім , қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау барысында мәдениет саласы қызметкерлерімен өткізілді. Жиын барысында Жолдауда айтылған бірқатар маңызды мәселерге тоқталып,Жолдаудың бірінші бағыты: Ақша- нәсие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою тақырыбында ақпараттар айтылды.Сондай -ақ сыртқы сауда операцияларынын түсетін кірістің басқа елдерге заңсыз өтіп кетуіне жол бермеу керектігі жөнінде айтып өтті. Бұған қоса Жолдаудың сегізінші және тоғызыншы бағыты: Мемлекет басқару ісінің тиімділігін арттыру және қоғамда заң мен тәртіп технологиясын терең орнықтыру тақырыбында сөз қозғалып, мамандар Президент тапсырмасының өзектілігіне кеңінен тоқталды.Мемлекет басшысы өз Жолдауының түйіні ретінде бірлік бар жерде тірлік барын еске салып, ел азаматтарын отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырды.