Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ӘН ЕРКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ДИСКІ ШЫҚТЫ

Сахна өнерінің жұлдызы, Халық қаһарманы Роза Бағланованы еске алуға арналған республикалық «Ақмандайлым» әншілер конкурсы ұйымдастырылды. Өнер өлкесіндегі ән байқауы Роза Тәжібайқызының репертуарындағы әндерден құралды. Ән байқауына әншінің ұлы Тәжен Бағланов келіп, Роза Бағланова атындағы конкурстың жас орындаушылар үшін берері мол екенін әңгімеледі. 

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар Роза Тәжібайқызына арнап жаңа музыкалық шығармалар жинақталған дискінің тұсауын кесті. 

Біз бұған дейін де музыкалық шығармалар жинақталған дискіні жарыққа шығардық. Ол Қытайда аз ғана таралыммен жасалды. Бұл дүние тез арада өз тыңдаушысын тауып үлгерді. Қазір бұл бағытта тағы да жұмыс жасап жатырмыз. Роза Бағланованың шығармашылығына арналған дискіні келесі жылы жұртшылық назарына ұсынатын боламыз, - деді Тәжен Бағланов.

Ән байқауымен қатар сол күні Алматыдан шыққан Роза Бағланованың өмірі мен сахнадағы жолы турасында жаңа кітапты қызылордалықтарға таныстырды. 

«Қазақ тіліндегі кітап 2007 жылы жарыққа шықты. Біз оны орыс тіліне аударуға шешім қабылдадық. Орыс тілді оқырмандар Роза Бағланова өмірінің жарқын сәттерін әңгімелеген дүниеден хабардар болсын деген ниет таныттық. Бұрын аталмыш кітап аз таралыммен оқырман қолына тиді. Ендігі кезекте таралым санын да ұлғайтуға назар аудардық», - деді Тәжен Бағланов.


09 қараша 2018 ж. 1 508 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?