Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАРТТАРДЫ ҚАДІРЛЕДІ

Қазақ халқы ежелден қариясын қазынаға балап, үлкенді сыйлау, құрмет көрсетудің үздік үлгісін көрсете білген өнегелі ел.

Бұл күн, осы өнегелі дәстүрдің салтымен аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін шуақты мереке. Осынау айтулы мерекеде қала әкімдігі халықаралық қарттар күні мерекесіне орай қала ардагерлеріне арнап мерекелік дастархан жайып, сый-құрмет көрсетті.

Бүгінде біздің қаламызда 28 мыңнан аса зейнеткер тұрады. Оның 1 мың 700-ден астамы еңбек майданының еңбеккерлері болса, 15 адам - Ұлы Отан соғысының ардагерлері.

Бүгінгі шараға осы қарияларымыздың ішінен әр салада жемісті еңбек еткен 250 ардагер қатысып, бірқатары қаламыздың әлеуметтік-экономикалық, әсіресе, қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан орасан зор үлестері үшін «Қызылорда қаласының 200 жылдығы» мерейтойлық медальмен марапатталса, қала әкімі барлық қатысушыларға мерекелік сыйлықтар табыстады.

- «Біз «Қарты бар үйдің қазынасы бар»,- деген халық даналығымен сусындап, қашанда қартын құрметтеген, қариясын сыйлаған халықтың ұрпағымыз.

Сіздер бүгінгі күннің өзінде, зейнет жасында болсаңыздар да қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, қариялық болмыстарыңызбен өз орталарыңыздың өнегесіне, жас ұрпақтың бағыт-бағдарына кеңес бере білулеріңізбен де қоғамның дұрыс дамуына зор үлес қосып отырсыздар.

Осы салтанатты сәтті пайдалана отырып, бүгінгі жастарға артқан сенімдеріңіз үшін, айтқан ақылдарыңыз бен үлгі болар өнегелі істеріңіз үшін шексіз алғысымызды айтып, Сіздердің алдарыңызда басымызды иіп, тағзым етеміз. Сіздерге деген құрметіміз тек мереке күндері ғана емес, бұл біз үшін мәңгілік парыз деп білемін. Қаламыздың 200 жылдық мерейтойы аясындағы мараптаттар мұнымен шектелмейді, әлі де жалғасады», - деді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

05 қазан 2018 ж. 1 241 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?