Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДА ЖАҢА КӘСІП АШЫЛДЫ

Енді Қызылордада шұлық шығарылады. Шаһарда шағын кәсібін бастаған Айгүл Мұханбетжанова ер, әйелдер мен балаларға арналған шұлық шығаратын өндірісті іске қосты. 

Бұрындары балық сатып алумен айналысқан ол өндіріске бет бұрып, мемлекеттік бағдарлама арқылы «Халық банкі» АҚ Қызылорда филиалынан 25 млн.теңге несие қаражатын алып, шұлық өндіретін құрал-жабдықтар сатып алған. Өндірісін іске асыру барысында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөліміне келіп, өндіріс цехы орналасатын жер учаскесі мен ғимаратының рұқсат құжаттары және өнімге сертификатты қалай алу қажеттілігі туралы кеңеске жүгінді. 

Қазіргі уақытта өндірісін толықтай іске қосып, 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Күніне 400-ден аса ерлер, әйелдер, балалар шұлығын өндіреді. Шұлықтарды халыққа тиімді төмен бағада – 150 теңгеден сатылымға шығаруда. Цех толықтай автоматтандырылған. Шұлықты тоқу, өтектеу құрылғылары бар. 

Шикізатты Өзбекстан Республикасынан тасымалдап отыр. Өндірісті жүзеге асыру барысында құрылғылармен жұмыс жасауда, маман дайындауда бірқатар қиындықтармен кезіккен. Алайда табандылығы арқасында өндірісті жүргізіп отыр.

05 қазан 2018 ж. 1 263 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?