Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

МҰҒАЛІМДЕР МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

4 қазан – ұстаздардың кәсіби мерекесі. Төзімділік пен мейірімділікті қажет ететін ұлы мамандық иелері құрмет төрінен табылды. Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдасты-руымен Асқар Тоқмағанбетов атын-дағы мәдениет үйінде «Ұстаз – Ұлы, мәңгілік тұлға» атты мерекелік жиын өтті. 

Салтанатты жиында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтап, Қызылорда қаласының 200 жылдық төсбелгінің білім саласының ардагерлерін және шығармашылықпен айналысатын ұстаздар қауымын марапаттады.

Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің және Қызылорда қалалық білім бөлімінің "Құрмет грамота", "Алғыс хаттармен" 125-ке жуық ұстаздар қауымы құрмет көрді.  

Оқушыларды білім жарысына баптап, аймақтың білім деңгейін артуына үлес қосқан ұстаздар төл мерекеде ақтілектерін арнап, биліктің ұстаздарға деген құрметіне алғыстарын білдірді.

Шара соңы «Тұран» тобының орындауында ұстаздар қауымының гимніне айналған «Ұстазым менің ұстазым» әнімен қорытындыланды. 

05 қазан 2018 ж. 1 292 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?