Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

АТ БӘЙГЕСІ МЫҚТЫЛАРДЫ АНЫҚТАДЫ

Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арнап «Сыр тұлпары» ат бәйгесі ұйымдастырылды. Сайысқа Алматы қаласы, Алматы, БҚО, Жамбыл, Атырау, Қарағанды, Түркістан, ЩҚО, Қызылорда облыстарынан 100 шабандоз қатыстырылды. Мерейтой құрметіне барша тұрғындар Ипподром алаңында жиналып, бәйге түрлерінен өткен жарысты тамашалады.

Бәйге «Тай бәйге»  - 5 шақырым, «Құнан бәйге» - 13 шақырым, «Топ бәйге» - 21 шақырым, «Аламан бәйге» - 31 шақырым түрлерін сарапқа салды.

Аламан бəйге бойынша ІІІ орынды қызылордалық Бақдəулет Бақытжанұлы иеленсе, ІІ орынды қарағандылық Ақжол Жұматай лайық деп танылды. Ал, І орынды Жамбылдан келген Дамир Саймасай иеленді. 

Тай бəйгенің нəтижесі де көптің қызығушылығын тудырды. ІІІ орынды алматылық Шыңғыс Ізтілеуов, ІІ орын Ертөс Ғалымнұрға бұйырды. І орынды Бақыт Сәдуақас қанжығасына байлады. 

 Құнан бəйге сынында да деңгейлестер аз болмады. Сыннан сүрінбей өткен алматылық Ертөс Ғалымнұр ІІІ орынды, қызылордалық Серік Шермұхамет ІІ орынды місе тұтты. Жүлдегер ретінде Алматыдан келген Ақжол Жұматай келді. 

Топ бəйге сынының қорытындысы да төмендегідей өрбіді. Айталық, ІІІ орынды Самат Нұрбек, ІІ орынды Ақжол Жұматай, І орынды Бақыт Сəдуақас алып кетті. 

29 қыркүйек 2018 ж. 1 969 0

Күнтізбе

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?