Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ЖӘРМЕҢКЕ ЖҰРТТЫ ЖИНАДЫ

Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында билік жергілікті өнімдерді саудалауға мүмкіндік беретін жәрмеңке ұйымдастырды. Арал ауданың өнімдері Тасбөгет кентіндегі Орталық алаңда, Жаңақорған ауданынан шығатын өнімдер Астана даңғылы бойында саудаланды. Ал, Жалағаш ауданының жергілікті өнімі Титов мөлтек ауданына қойылса, Сырдария ауданының азық-түліктері Жанқожа батыр көшесінде орын тепті. Қармақшы ауданындағы өнімдер де Мерей мөлтек ауданының тұрғындарына ұсынылды.

Базар бағасынан төмен көрсеткіште өнімін саудалаған ауыл кәсіпкерлері дастарханның дәмін кіргізетін құрт, ірімшік, ет пен сүт, айран мен қымыз, талқан, сөк секілді ұлттық тағамдар көптеп әкелінді. Жеміс-жидектер де төмен бағада халыққа жетті. Айталық, алма 250 теңге, алмұрт 300 теңге, жүзім 250 теңгеге саудаланды. Сонымен бірге қарбыз-қауын, асқабақ, қызанақ, қияр, картоп, сәбіз, жуа жәрмеңке дастарханынан табылды.

Бас тағам етке мән беретін тұрғындар ауылдан келген сиыр етін 1250 теңгеге, жылқы етін 1400 теңгеге, қой етін 1200 теңгеге алып қайтты. 

Жаңақорған ауданынан тиеліп келген өнімдердің бәрі де жергілікті халықтың ала жаздай еңбегінің нәтижесі, әрі берекесі дейді аудан әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бакиров.

- Халыққа 40-қа жуық азық-түлік өнімдері ұсынылды. Бәрі де нарық бағасынан әлдеқайда төмен. Қазірдің өзінде халық өнімдерді көптеп алып кетуде. Баға саясатын бақылауда әрбір ауылдық округтердің әкімдері өздері келіп, жәрмеңкені бақылауда ұстауда,-дейді Н.Бакиров.

Таң сәріден ерте тұрған халық жәрмеңкеге асығып, қажетті өнімдерді алып тарасуда. Әсіресе, тұрғындар ауыл дәмі саналатын ұлттық тағамдарды көптеп алып, саудагерлердің саудасын жүргізді.

Әлеуметтік жәрмеңкеге келген халықтың көңілін көтеру үшін жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашты. 

29 қыркүйек 2018 ж. 3 261 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?