Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ДУМАНДЫ ШАРАЛАР «СЫР СҮЛЕЙЛЕРІ» АЛЛЕЯСЫНАН БАСТАУ АЛДЫ

   Таңсәріден бері Қызылорда жұрты мерекені думанды шаралармен бастап кетті. «Сыр сүлейлері» аллеясынан бастау алған мәдени-көпшілік, әлеуметтік іс-шаралар тұрғындардың барлығын бір алаңға жинады.
   Қалаға қарасты кент, ауылдық округтердің қаз-қатар орналасқан қараша үйлерінен этноауыл бой түзесе, арнайы тігілген ақ шатырларда қала мейрамханалары ұлттық дастархан мәзірін ұсынды.
   Шараға арнайы ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев келіп, қала халқын мерейтоймен құттықтап, арнайы әзірленген көрме жұмыстарымен танысты.
   Мәртебелі мейман Гүлшара Наушақызы Сыр еліндегі сапары барысында мерекеге жиылған жұртшылықты қуанышымен құттықтап, бақ-береке тіледі.
Мұнан  соң халық аллеядағы фестивалдерге қатысты. Жалпы сандарды сөйлетсек, қалаға қарасты шаруашылық құрылымдары 600 литр қымыз, 600 литр шұбат, 50 кг қауын қақ, 50 кг қауын құрт әкелсе, қала кәсіпкерлерінің мерекелік тартуы ретінде түрлі өнімдерді халыққа ұсынды. 
   Келген қонақтар бауырсақтан дәм татып, қымыз ішіп, тәтілерден ауыз тиіп, мерекені көңілді бастады.
   Ал, думанды шараның көркін қыздыруға келген жергілікті әншілер Қызылорданың 200 жылдығына арналған «Ақмешіт аспаны», «Домбыра болып сөйлейін», «Ақмешіт», «Сырдария» атты әндерді шырқады. Қазанғап атындағы музыкалық колледж студенттерінің құралған 30 домбырашы дала дүбірін күйге бөледі. 
   Бұл күнде жастар да қалыс қалмады. Қазақтың ұлттық ойындары асық ату, қол күресі, гір көтеру, арқан тарту сынды ойындарды ойнап, бір серпіліп алды. Оқушылар тоғызқұмалақ ойнап, ел назарын өзіне аударды.
   Жалпы думанды шаралар легі қаланың бірқатар нысандарында аталып өтілуде. Ал, кешкілік эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт болмақ.  
28 қыркүйек 2018 ж. 1 421 0

Күнтізбе

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?