Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ЕҢБЕК ЕТКЕНГЕ БАҚЫТ БАСЫН ИЕДІ

Еңбек еткенге бақыт басын иеді
үздік әулеттер марапатталды
   Түрлі салада тер төгіп, елдің экономикасы мен біліміне, құрылысы мен ауыл шаруашылығына, мәдениеті мен спортына, медицинасы мен темір жол саласына қызмет еткен азаматтар құрмет төріне шықты. Бүгін Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде бір топ еңбек иелері марапатталды.
   Еңбек әулеттерін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және сала басшылары қатысты. Дәстүрге айналған форум биыл бесінші рет өткізілуде.
   Шарада облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы еңбек адамдарына деген құрмет қашанда жоғары болатынын, Сыр елінен шыққан еңбек озаттарын жиылған қауымға үлгі етті. 
   - Кәсіпті атадан балаға мирас етіп отырған қаншама отбасының аймаққа ғана емес, республикаға еңбегі сіңіп жатыр. Бүгінде жастар ата кәсіпті дамытып, оның қыр-сырын отбасынан үйренсе, оны әрі қарай жалғастыруы оның өзі тәрбие мектебі емес пе? Соның нәтижесінде еңбек әулеттері қалыптасып жатса, бұл да бір еліміздің рухани жаңғыруы болмақ. 
   Дала академигі атанған Ыбырай Жақаев, ер азаматтармен бірдей еңбек еткен Шырынкүл Қазанбаева, Сәлима Жұмабеков, Ұлбала Алтайбаева, Жадыра Таспамбетова, Зәкира Ержанова сынды ақжаулықты аналармызбен мақтанамыз. Ал, дала төсін дүбірлеткен еңбек иелерінің жалғасы қызылордалық Абзал Ералиев пен Юрий Пя тәуелсіз Қазақстанның төл мақтаныштары. Бүгінгі 200 жылдығын атап өтіп жатқан сүйікті қаламыз Қызылорда да сол жасампаз еңбектің арқасында жасарып жанарып келе жатыр,-дейді Қырымбек Елеуұлы. 
   Еңбек екпінділерін ұлықтайтын шарада үлгісі көпке ортақ отбасылар марапатталды. Олардың қатарында Сексенбаевтар, Ойнаровтар, Сәдуақасовтар, Бердімағамбетовтер, Көкетовтер, Өтегеновтер, Сейтмамбетовтер, Назарқұловтар, Елеусіновтер бар. Сондай-ақ, «Еңбек жолы» форумының аймақтық турының жеңімпаздары марапатталды. Көпке үлгілі болған озат отбасылар «Еңбек әулеттері» деген лента, алғыс хат, арнайы дайындалған статуэтканы және сыйлықтарды қабыл алды.

27 қыркүйек 2018 ж. 3 226 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?